Загрузка...

Нюша (Nyusha) - Алматы Түні (feat. Kairat Nurtas)

Год выпуска: 2015
Время чтения: ~1 мин

Аlmаtı Tünі (Алматы түні)


Ажарлы көркің сұлу жаным,
Бір көріп ұнап қалдың.
Жүрегім сезген жылу барын,
Бір көріп сыр ақтардым.

Тайдырды жүзің ұяң жаным,
Қолым да дірілдеді.
Алматының түнін қиялдадым,
Бақытты күнімдегі.

Припев:
Алматының түндері-ай,
Махаббатың мәңгі аралындай.
Алматының түндері-ай,
Аралайық бірге маралым-ай.

Сыңғырлап күлкің, қалды менің,
Елестеп құлағыма.
Қылығың баурап алды сенің,
Баладым сыңарыма.

Шынайы сезім жанды мөлдір,
Көзіңнің шырағында.
Сағынып салсам әнді жаным,
Елесің тұрады ма?

Припев: (2 раза)
Алматының түндері-ай,
Алатаудың салқын самалындай.
Алматының түндері-ай,
Ұйқымды ұрлап сен алатындай

Расскажи о любимой песне:
Шрифт